АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

31.01.2025

2025 жылдың 30 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде қалалық «Сұңқар» Универсиадасы бағдарламасы бойынша ұлдар командалары арасында волейбол жарысы өтті. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының және Ұлттық Құндылықтар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлы өз сөзінде қатысушыларға ерік-жігер берсе, Көкшетау қаласының мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің бас маманы Муратбеков Ерік Мұратбекұлы жарыстың жоғары дәрежеде өтуіне тілектестік білдірді. Жарыс қорытындысына сәйкес Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің құрама командасы жүлделі І орынды иеленді. Сондай-ақ «Үздік тосқауылшы» номинациясын «Дене мәдениеті» бөлімінің ІV курс студенті Аманкелдиев Дархан, «Үздік байланыстырушы» номинациясын ІІ курс студенті Тауекелов Ильяс еншіледі. Жетекшісі: Көке Асылбек Қабайұлы. Құттықтаймыз!!! Жеңісті күндер көп болсын!

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст