АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2021 жылдың 16 наурызында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Қазақстанның оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың пайда болу факторларын анықтауға арналған Республикалық «Таза сессия» аясындағы әлеуметтік сауалнама өткізілді. Сауалнама колледждің тәрбие бөлімі мен «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
Сауалнамаға колледждің 307 студенті қатысты. Оның қорытындысы бойынша студенттердің негізгі бөлігі оқу орнының беріп жатқан білім сапасына көңілдері толатынын мәлімдеп, мекемедегі жемқорлық деңгейіне 10 балдық жүйе бойынша 0 деген баға берді. Сондай-ақ студенттердің басым көпшілігі жақсы оқыған жағдайда оқу үдерісі кезінде туындайтын мәселелерді парасыз шешуге болатынына сенімді екенін білдірді.