2024 жылдың 25 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Қамқоршылық кеңес өтті. Ауқымды іс-шараға қамқоршылық кеңес құрамының төрағасы, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Оспанов Қуаныш Ерғалиұлы, кеңес мүшелері, әлеуметтік серіктестіктер, Әкелер кеңесінің төрағасы мен Аналар кеңесінің төрайымы, колледж ұжымы, жастар ұйымы және студенттер қатысты. Қамқоршылық кеңес отырысында Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының және Ұлттық Құндылықтар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы колледждің қаржылық-шаруашылық, өндірістік-шаруашылық жұмыстарының қорытындысы және кешенді білім бағдарламасына сай барлық салалық құрылымдарының жылдық қорытындысы туралы мәлімет берді. Сондай-ақ колледждің PhD докторанттары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы мен Сабырова Асем Бекешевна есебімен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңес отырысының қорытындысы жарияланып, кеңес қаулысы бекітілді. Жыл сайынғы дәстүрге сай 2024 жыл қорытындысының нәтижесі бойынша және Жаңа жыл мерекесіне орай колледждің оқу-тәрбие, практикалық, ғылыми-әдістемелік бағыттағы жұмыстарына белсене қатысып жүрген оқытушылар және студенттер арнайы номинациялармен марапатталып, арнайы сыйақы табыс етілді. Болашақ мамандарды даярлауда кәсіби бағыт-бағдар беріп, шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттерін дарытып, кәсіби мәдениеттерін жетілдіру бағытында колледж ұжымымен бірлесе атқарған еңбектері үшін әлеуметтік серіктестіктерге Алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарға негізделген отбасы тәрбиесінің жүйелі іске асырылуы және руханият негізіндегі жұмыстарға белсене араласқаны үшін «Әкелер кеңесінің» мүшесі Шекенов Тулипберген Ебышович пен «Аналар кеңесінің» төрайымы Догдархан Гүлсараға Алғыс хат табысталды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сай жоғары білім сапасын көрсеткен және «Колледждің үздік студенті» жобасында жеңіске жеткені үшін «Үздік студент-2024» номинациясының жеңімпаздары да назардан тыс қалмады. Сонымен қатар колледждің абыройын көтеру жолындағы жемісті еңбектері үшін және Жаңа жыл мерекесіне орай колледж қызметкерлері де Алғыс хатқа ие болды.