11.03.2021
Жыл сайын студенттердің жалпы және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және жетілдіру, студенттердің танымдық қызығушылықтарын дамыту, оларды ғылыми ізденіске тарту, зерттеу жұмысына белсенді қатысуға ынталандыру, студенттердің өзін - өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, олардың инновациялық әлеуетін іске асыру мақсатында Ағылшын бөлімінің студенттері Шет тілі кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен әртүрлі студенттік конференцияларға белсенді қатысып келеді.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен өткен «XXI ғасырдың жастары – ғылым, білім, шығармашылық» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясына А.Б.Сабырованың жетекшілігімен А-31 тобының студенттері Орынтай Сандуғаш, Болат Мөлдір, А-42 тобының студенті Кабдулина Айнұр, А-41 тобының студенттері Мұқанов Әділхан, А.К.Ташенованың жетекшілігімен Хайбар Айшолпан, Смаилова Балкүміс, Ерешова Аружан, Г.С.Китарованың жетекшілігімен, Бекен Мархаба, А-43 тобының студенті Серікжанқызы Аққу, Ж.А.Есханованың жетекшілігімен А-43 тобының студенті Әшімова Маржан, Б.Б.Секенова жетекшілігімен Карерова Сауле өз мақалаларын ұсынды.
Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды және мақалалары конференция қорытындысы бойынша жинаққа енді. «Заманауи техникалық және кәсіби білім берудің өзекті мәселелері» секциясы бойынша А-42 тобының студенті Кабдулина Айнұрдың баяндамасы ең үздік баяндама ретінде бағаланды.