АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 16 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Жүйелік менеджмент процестерінің сапасы ІSО 9001:2015/ҚР СТ ІSО 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» халықаралық стандартының талаптары бойынша инспекциялық аудит жүргізілді. Менеджмент жүйелерін дамыту орталығының бас директоры, ҚР ТРМЖ сарапшы-аудиторы Алтайбаева Шолпан Жанатовна колледждің 1-ші инспекциялық аудитін өткізді. Атап айтсақ, жүйелік менеджментін жетілдіру туралы бұйрықтарды жаңарту, «Жүйелік менеджменті» процестерінің тізілімін жаңарту, Жүйелік менеджмент моделі бойынша процестер иегерлерінің құжаттарын жаңарту, процестер бойынша атқарылған жұмыстардың SWOT анализін дайындау, Ережелерді жаңарту, Жүйелік менеджмент моделіне сәйкес электронды альбомдарды жетілдіру және нормативтік құжаттардың онлайн-катологын дайындау сынды т.б. жұмыстар. Сондай-ақ №2 Студенттер үйіне барып, құжат айналымын, олардың стандартқа сәйкестігін тексеріп, талқылаулар жүргізілді.