Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлы түрде қаладағы мектеп әкімшіліктерімен келісе отырып, жыл бойы жүргізеді. 2024 жылдың 13 қараша күні «Мектепке дейінгі және логопедия» кафедрасының жетекшісі Амирова Сағира Абзалқызы, «Информатика» бөлімінің меңгерушісі Ғалымжан Еркебұлан Көлбайұлы, оқытушысы Жәнібеков Маралбек Батырбекұлы №3 М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы оқушыларының ата-аналарымен кездесіп, колледждегі мамандық түрлері туралы ақпараттар беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.