АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 12 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №2 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде бірнеше бағыттағы мәселелер қарастырылды. Ең алдымен, колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы ағымдағы аттестаттау қорытындысының мониторингісімен таныстырып, жетілдіру жолдарын атап өтті. Сондай-ақ директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы кәсіби білім сапасын көтеруде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылуы жөнінде сөз қозғап, колледж студенттерінің әлеуметтік паспортымен таныстырып, үйірме, элективті курстардың жұмысына аса мән беру керектігін баса айтты. Оқу жылы басталғалы бағындырған жетістіктердің көңіл қуантатынын жеткізді. Колледж психологы Испаева Дина Ғалымовна студенттерге психологиялық сүйемелдеу қызметін көрсету мүмкіндіктерін баса айтса, ішкі аудиторлар командасының жетекшісі Рахым Арайлым Қайыргелдіқызы ІSО 9001:2015/ҚР СТ ІSО 9001-2016 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес колледждің құжат айналымын ішкі аудиттен өткізу қорытындысымен хабардар етті. Колледж директорының міндетін атқарушы Ілияс Данагүл Нұртайқызы көтерілген мәселелерді сарапқа салып, шешу жолдарын айтты. Педагогикалық кеңеске ұсынылған мәселелер бойынша талқылау жүргізіліп, тиісті қаулы қабылданды.