Текст
2024 жылдың 8 қарашасында Щучинск қаласындағы Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің ұйымдастыруымен ЭкоТур BEST «Бурабай Қазақстанның інжу маржаны» атты республикалық фестивалі өтті. Фестиваль аясындағы «Жаһандық қауіптер мен өзекті мәселелер» тақырыбындағы ғылыми конференцияда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі биология пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ЭкоLand үйірмесінің жетекшісі Сапабекова Диана Оралқызы «ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КОЛЛЕДЖДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ» атты баяндамасын оқып, тәжірибесімен бөлісті.