АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

05.11.2024

2024 жылдың 5 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбындағы қыздар жиналысы өтті. Негізгі мақсат – қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру. Іс-шарада колледж директорының оқу ісі бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы студенттерге «Қыз баланың жүріс-тұрысына, киіну мәдениетіне, сөйлеу әдебіне қарап, қандай кемшіліктерді байқауға болады?» деген сұрақтың мәнін ашып түсіндірді. Ал колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы «Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша қыз баланы қандай бағытта тәрбиелеген дұрыс?» деген тақырыпта ой өрбітіп, қыз баласын жан-жақты тәрбиелеудің маңыздылығын баса айтты. Педагог-психолог Испаева Дина Галымовна өз сөзінде студенттерге педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетілетінін негізге алса, әлеуметтік педагог Аугалиева Жадыра Каирболатовна «Күнделікті өмірде қыз баласы өзін қалай ұстауы қажет?» деген сауалға жауап беріп, тәртіп бұзушылық және жаман әдеттерден аулақ болудың артықшылығын тарқатты. Колледж медбикелері гигиена талаптары, ерте жүктілік туралы сөз қозғаса, корпус комендаты тазалық туралы ой өрбітті. Жиналыс соңында қыз балалар қазіргі қоғамда қыздар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелермен ой бөлісіп, пікір алмасты.

Просмотров: 209


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст