31.10.2024
2024 жылдың 30 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен «Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогикалық сабақтастық және әдістемелік зерттеулер» атты облыстық семинар-практикумы өтті. Мақсаты – мектепалды даярлық тобы мен 1-сыныптың оқу-тәрбие процесінде педагогикалық байланыстар мен әдістемелік зерттеу қатынастарын орнату.
Семинарға өңір орталығындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері – педагог-зерттеуші Шаяхметова Қазына Альмағанбетқызы мен педагог-сарапшы Досмағанбетова Мақпал Қалиханқызы «Мектепке дейінгі» баланың тілін дамыту мен 1-сынып оқушысының оқу сауаттылығы арасындағы байланыстың өзектілігі» тақырыбындағы баяндамасымен қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Ал қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардан «Алтын бала» балабақшасының әдіскері, педагогикалық шеберлік орталығының тренері, педагог-зерттеуші Ақжанова Айна Рақымжанқызы «Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық түрлері», «Мерей» балабақшасының әдіскері педагог-модератор Төребекова Гүлнар Еркінқызы «Мектепке дайындық жүйесі «Балабақша – Отбасы – Мектеп» тақырыбындағы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға колледж оқытушылары Әміржанова Гүлмира Қайыржанқызы мен Әмірова Сағира Абзалқызы «Функционалды сауаттылық сапасына қол жеткізу құралы ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының сабақтастығы» тақырыбында зерттеу, салыстыру арқылы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің жас мамандары да – РОӘБ әдіскері Әдият Жансая Қанатқызы мен педагогика пәнінің оқытушысы Қайыргельдиева Альмира Болатқызы «Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептегі білім беру үрдісі сабақтастығының дидактикалық шарттары» тақырыбында өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Колледж студенттері де семинарға өз ойларын кәсіби практикада алған тәжірибелері арқылы педагогикалық жағдаят ретінде шағын қойылым қою арқылы өз ойларын білдірді. Атап айтсақ, «Мектепке дейінгі» бөлімінің, МД-31 тобының ІІІ курс студенті Сержан Айжан Акболаткызы мен «Бастауыш мектеп» бөлімінің, БМ-42ҚБ тобының IV курс студенті Қуанышбек Шынар.
Семинар барысында ортақ мәселелер мен шешу жолдары тиімді талқыланды. Мысалы, негізгі дағдылардың бірі, оқу сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға балабақшада ерекше назар аударса деген ұсыныстар сарапқа салынды. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл дамуындағы негізгі қиындықтар талқыланды.
Семинар соңында колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы мен ғылыми әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы өз ой-пікірлерімен, жаңа ақпараттарымен бөлісті.
Семинар соңында «Мектепке дейінгі» бөлімінің оқытушысы Кравченко Анастасия Петровна «Асық терапиясы» әдісі арқылы рефлексия жүргізді.