АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылғы 30 қазан күні Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру округі – әдістемелік тандем: Life Long Learning – жеке дамуға, интеллектуалды және кәсіби өсуге ықпал ететін тұжырымдама» атты республикалық форум өтті. Форум Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Астрахан ауылы «Агробизнес және сервис колледжі» мекемесінде Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облысының мектепке дейінгі, қосымша, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтардың қатысуымен өтті. Аталмыш форумға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. І секцияның «Инклюзивті білім беру – әрбір жас кезеңінде коммуникативті және практикалық құзіреттіліктерді дамытуға баса назар аудару. Белсенді мінез-құлық көзқарасын қалыптастыру және қазіргі қоғамда өзін сенімді позициялау» тақырыбы бойынша педагог-сарапшы Таткенова Сауле Кайратовна мен педагог-сарапшы Рерих Ксения Александровна «Инклюзивті білім беру шеңберіндегі музыка сабақтарындағы әдіс-тәсілдер», ІV секцияның «Болашақтың құзіреттілігін дамыту: білім берудегі инновациялар» тақырыбы бойынша педагог-зерттеуші Мусайпова Шынар Кайратқызы мен педагог-сарапшы Болатова Наталья Анатольевна қатысып, «Қазіргі музыкалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар» атты баяндамаларын оқыды.
Форум қорытындысы бойынша оқытушылар республикалық форумда мағыналы баяндама жасағандары үшін арнайы Сертификаттармен марапатталды.