2024 жылдың 24 қазан күні Республикалық «Үздік педагог-2024» байқауының жеңімпаздары –Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары, қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші, филология ғылымдарының магистрі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі Ілияс Данагүл Нұртайқызын және директордың практика жұмысы бойынша орынбасары, қазақ тілін оқыту әдістемесі мен әдебиетті оқыту әдістемесі пәндерінің оқытушысы, педагог-шебер, филология ғылымдарының магистрі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі Жоламанова Тойындық Молдағалиқызын колледж ұжымы және студенттер сән-салтанатпен ерекше қарсы алды. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Ұлттық Құндылықтар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы жеңімпаздарды марапатымен құттықтап, кейінгі буынға бұл жеңіс үлгі, серпіліс беру екендігін атап өтті.