18.10.2024
2024 жылдың 16-18 қазан күндері аралығында «Бурабай» спорткешенінде өткен шахматтан қалалық «Сұңқар» спартакиадасына Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Ақ ладья» шахмат клубының шахматшылары қатысып, командалық есепте жүлделі III орынды иеленді. Құрама команда ойыншылары Абдраманов Арсланбек, Сұлтан Манат, Есенова Жансая өз шеберліктерін командалық ойында көрсетсе, жекелей сында Тілеміс Камила жүлделі III орынды еншіледі. Жаттықтырушы: Қабдуәли Ұлан Балғабайұлы. Құттықтаймыз! Жеңіс шыңынан көріне беріңіздер!