19.01.2021
2021 жылдың 18 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде I курс студенттері дәстүрлі түрдегі оқуға шықты. Алғашқы күннен бастап I курс студенттерімен колледждің әлеуметтік психологтары тарапынан бейімделуге қатысты тренингтер, «Мен және менің жеке қасиеттерім», «Сиқырлы қобдиша» атты психологиялық жаттығулар өткізілді. Тренинг мақсаты – I курс студенттерін бір-бірімен жақсы таныстыру, топта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және жаңа ортаға бейімделу үшін қолайлы жағдайлар жасау. Тренингтер арқылы жаңа ортаға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді. Студенттер белсенділік танытып, сенім білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Тренинг соңында I курс студенттерімен кері байланыс орнатылды. Студенттер ұйымдасқан түрде белсене қатысып, ой бөлісу сәтінде бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп, бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдірді. Кешегі мектеп оқушысының студенттік өмірге енуінде аталған іс-шаралардың маңызы зор. Оқу кезеңінің алғашқы семестрін қашықтықтан білім беру жүйесінде өткізген студенттер үшін, оқу орнымен, бір-бірімен танысу, жаңа ортаға тез бейімделу барысында колледж тарапынан бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде студенттің алдында туындаған қиындықтарды оңай шешуге икемдеп, академиялық белсенділігі мен білім үрдісіндегі жетістігін арттыра түседі.