АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

19.01.2021
Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде студенттің шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана коймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне икемдейді. Дипломдық жұмыс – білімді маман дайындаудың шешуші кезеңі. Жұмыста бітіруші студенттің ғылыми болашақ маман ретіндегі шығармашылық қабілеті мен зерттелетін мәселесінің салалық ғылымдағы жаңалығы көрініс табады. Диплом жұмысымен айналысу арқылы студенттің тілдік құбылыстар туралы білімі тереңделіп, өздігінен ғылыми-зерттеу элементтері бар жұмыстарды орындай білуге, зерттеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын, амалдарын меңгеруге дағдыландырады.
Ағылшын бөлімінің 4 курс студенттері диплом жұмыстарының тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуда. Атап айтсақ, Найзабек Әбілқайыр (А-41 тобы), Даргенова Айғаным, Кожина Жайнар (A-42 тобы), Ерғанат Айдана (A-43 тобы) «GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» атты XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысса, Арғынбай Айгерім (А-41 тобы) “Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ-2020» III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, өз зерттеу жұмыстарымен бөлісті. Алдағы уақытта бітіруші топ студенттерінің зерттеу жұмыстарын бірқатар конференцияларда таныстыру, жариялау көзделіп отыр.
Просмотров: 286


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст