03.10.2024
2024 жылдың 2 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде білім беру мекемесіне биылғы оқу жылында қабылданған оқытушылар мен филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлының кездесуі өтті. Іс-шара барысында еркін ой алаңы құрылып, оқытушылар өздерінің пікірімен бөлісті. Колледж басшысы жас мамандарды толғандырған сұрақтарды талқылап, сарапқа салса, ұстаздар жауап алу мүмкіндігіне ие болды.