АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Тәжірибе алмасу семинары

09.12.2020

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың ерекшеліктері» тақырыбында практикалық онлайн-семинар өтті.

Сабақты жоспарлауда оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әртүрлі оқыту стратегияларын, оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдана отырып тапсырмалар әзірлеу бойынша оқытушыларға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған семинарға Ақмола облысының оқу-әдістемелік кабинетінің мамандары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚБИ өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты. Онлайн-семинар төрт бағытта жүргізілді:

- ТжКБ жүйесінде жаңартылған білім беру негізінде тіл мен əдебиет пəндерін оқытуда кездесетін проблемалар мен оларды шешу жолдары; 

- Шет тілін жаңартылған білім бағдарламасына сай оқыту; 

- ТжКБ мазмұнын жаңарту аясында жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқытудың ерекшеліктері;

- ТжКБ жүйесінде гуманитарлық бағыттағы пәндерді жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту ерекшеліктері.

Семинар барысында ТжКБ жүйесінің педагогтеріне оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін насихаттайтын озық іс-тәжірибелерді тарату арқылы студенттердің функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын көрсету, жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында критериалды бағалауда кездесетін қиындықтарды айқындау, олардың шешу жолдарын көрсету, тәжірибе алмасу, қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу, оны практика жүзінде қолдану секілді мәселелер талқыланды. Қашықтықтан өткізілген практикалық семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып,  өзіндік жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Просмотров: 347


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст