Текст
Ақмола облысының білім басқармасының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі №06-05/5499 хатына сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 25 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде тәрбие бөлімі тарапынан топ жетекшілерімен жиналыс өткізілді.Жиналыс барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мен қауіпсіздік шараларын жетілдіру туралы топ жетекшілеріне нұсқаулықтар берілді.