Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қашықтықтан өткізілген «Бір ел, бір тағдыр» атты эссе байқауына Филология бөлімінің 1 және 2 курс студенттері белсенділік танытып, қатысты. Байқаудың мақсаты – жас буынды рухани-патриоттық бағытқа тәрбиелеп, туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін ояту. Байқауды ұйымдастыру барысында топ жетекшілері тарапынан «Тәуелсіздіктің 7 қыры», «Бір ел, бір тағдыр» тақырыптарында студенттерге бағыт-бағдар беру мақсатында бейнефильмдер көрсетілді. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз студенттерге орындар тағайындалып, белсенді студенттерге алғыс хаттар берілді.