30.11.2020
Мемлекеттегі экономикалық-әлеуметтік және саяси реформалар, халықаралық және өңірлік бастамалар, жаһандық жасампаз істер Елбасының есімімен тығыз байланысты. Мемлекет қалыптасуының бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау мақсатында 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні аталып өтіледі. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше.
19 қараша – 5 желтоқсан аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар жоспарланды. 23 қараша Филология бөлімінің студенттері арасында «Бір ел, бір тағдыр» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Информатика бөлімінің студенттеріне арналған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейіне» онлайн-экскурсия ұйымдастырылды. 16-21 қараша аралығында Бастауыш мектеп бөлімінде ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне орай тәрбие сағаттары өткізіліп, «Тәуелсіздіктің 7 қыры. Болашаққа бастар жол» деректі фильмдері ұсынылды.