АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бүгін – көне түркі жазуының құпиясы ашылған тарихи күн

30.11.2020

Көне түркі жазуларының ашылу күні қарсаңында, ағымдағы жылдың 24 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Филология бөлімінің ұйымдастыруымен «Көне жазба ескерткіштері – ұрпақ қазынасы» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті. Бағдарламаға сәйкес конференция қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты А.Қажыбайдың алғы сөзімен басталды. Қазақ тілі пәнінің оқытушысы, PhD докторант О.Рақымжан «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тарихы» тақырыбында баяндама жасады. Филология бөлімі, ФБ-31 тобының студенті Қожымұрат Айжан «Көне түркі ескерткіштерінің тілі», ФБ-41 тобының студенті Ақмағанбетова Ақниет «Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі, жазба деректер» атты ізденіс жұмыстарын таныстырып өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі К.Абиева «Көне түркі жазбаларына саяхат» жасап, көне жазба ескерткіштеріне тоқталды. Конференция соңы сұрақ-жауапқа құрылған викторинаға ұласты. Танымдық бағытта ұйымдастырылған іс-шарада студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Филология бөлімінің меңгерушісі Ә.Қажақпар конференцияны қорытындылай отырып, көне жазба ескерткіштерінің маңызын, оның қазақтың рухани мұрасынан ерекше орын алатындығын атап өтті. Студенттер конференция бойынша өз пікірлерін, ыстық лебіздерін білдірді

Просмотров: 276


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст