Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев «Жоғары оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс», – деп атап көрсетті. Сонымен қатар, мектептегі білім берудің мазмұндық жағына назар аудару қажеттігін атап өтті. Осы мақсатта Ақмола облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5 қарашасынан бастап «Өнегелі кітап – өмірлік серігің» тақырыбындағы челленджі іске қосылды. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде аталған челленджді қолдай отырып, студенттер мен педагогтар арасында оқу сауаттылығын дамыту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылуда.
«Өнегелі кітап – өмірлік серігің» челленджінің қатысушысы Филология бөлімінің студенті Базылбекова Мадинаның бейнеролигі.