АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ЛОГОПЕДИЯ», «ИНФОРМАТИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

10.09.2024
 
2024 жылдың 9 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және логопедия» кафедрасының жетекшісі Әмірова Сағира Абзалқызы мен «Информатика» кафедрасының жетекшісі Қамалиден Айгерім Сағындыққызы оқытушыларымен кафедра отырысын өткізді. Кафедра отырысына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы және оқу бөлімінің меңгерушісі Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы қатысты. Кафедраларда төмендегі мәселелер талқыланды:
1. Биылғы жылғы І курстар үшін 2024-2028 оқу жылына арналған оқу-жұмыс бағдарламаларын әзірлеу;
2. Оқу дәрісханаларына құзыреттілік деңгейіне қарай колледж оқытушыларының оқу кешендерін, IT тулбокстерін енгізу, бақылау, мониторинг жүргізу;
3. Арнайы пәндер бойынша құрылған тест базасын жаңарту;
4. Оқу-әдістемелік кешендерді жаңарту және электронды базасын құру;
5. Youtube арнасына салынатын бейнесабақтарды толықтыру.
Сондай-ақ кафедра отырысында Teachcollege.kz сайтына оқытушылардың оқу әдістемелік кешендерін салу кестесін құрылды. Түлектердің ғылыми бағытын шыңдау мақсатында дипломдық жұмыстар мен курстық жұмыстардың тақырыптары талқыланып, бекітуге ұсынылды. Дипломдық жұмыстарын жазу барысында студенттерге бағыт бағдар беру, ғылыми практикалық конференцияларға студенттерді ғылыми жұмыстарымен қатыстыруға назар аудару мәселелері қаралды.
Просмотров: 532


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст