АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ғылыми-әдіснамалық және инновациялық кеңес отырысы өтті

29.10.2020

Ағымдағы жылдың 28 қазанында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ғылыми-әдіснамалық және инновациялық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша колледж директоры Нұртас Ахатұлы оқу орнының институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден өту мәселелері жайында сөз сөйлеп, бірқатар міндеттерге арнайы тоқталып өтті. Колледж әдіскері Г.Қырқаева «Жас мамандар мектебінің» жұмыс жүйесін жетілдіру жолдарымен және алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралармен таныстырды. Кітапхана меңгерушісі З.Рахымова Абай атындағы электронды-ресурстық SMART-кітапхана жүйесінің жаңа бағыттары, кітапхана қоры, студенттердің оқу әдебиеттермен қамтамасыз етілуі жайында қысқаша баяндап берді. Ал колледждің информатика пәнінің оқытушысы Д.Утебаева қашықтықтан оқыту кезінде педагогтер мен студенттердің оңтайлы пайдалануына арналған электронды кітапхана жүйесінің таныстырылымын жасады. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары А.Рахым педагог кадрларды аттестаттаудың жаңа ережесіне сай оқытушылардың біліктілік деңгейін көтеру мәселелеріне тоқталып, Ұлттық біліктілік тестілеуіне қатысты басты сұрақтарды талдап өтті. Ғылыми-әдіснамалық және инновациялық кеңес отырысының қорытындысында колледж директоры тарапынан бірқатар нұсқаулар мен тапсырмалар берілді.

Просмотров: 262


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст