АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Көп функциялы конференц-зал іске қосылды

23.10.2020

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде қашықтықтан білім беру жүйесіне негізделген конференц-зал іске қосылды.

Тұсаукесер салтанатында жаңа мазмұндағы №107 конференц-залының мүмкіндіктері таныстырылды. Колледжіміздегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл-танымдық зертханасы және ІТ орталығымен бейнебайланыс орнатылып, ілеспе аударма мүмкіндіктері көрсетілді. Атамыш шараға Көкшетау қаласы «Kokshe TV» телеарнасының тілшілері де қатысты.

Бүгінгі күннің басты талабы – сапалы білім бере отырып саналы ұрпақ тәрбиелеу десек, соңғы технологиялармен жабдықталған орталықтар – қашықтықтан оқыту барысында сапалы байланысты қамтамасыз ете отырып, оқу үрдісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуының кепілі болмақ.

Конференц-залдың қашықтықтан бейнебайланыс жасаумен қатар берілген ақпаратты үш тілде тыңдай алу мүмкіндігі қарастырылып, арнайы құрылғылармен жабдықталған. Ілеспе аударма жасау қосалқы бөлмеде орналасқан микрофондар арқылы жүзеге асырылады. Көп функциялы веб камера әр қатысушыны жекелей, жақындатып көрсету сынды оннан астам мүмкіндіктерге ие.

Айта кету керек, колледж директорының бастамасымен ашылған бейнебайланысқа шығу мүмкіндігі бар бірқатар аудиториялар мен ІТ орталықтары студенттер мен оқытушылардың игілігіне жұмыс жасап келеді. 

Жас ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп жүрген оқытушыларымызды тағы бір орталықтың іске қосылуымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

 

 

Просмотров: 323


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст