Текст
2024 жылдың 9 тамыз күні Ақмола облыстық мәслихатының ХІІ сессиясында филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы «ҚАЗАҚСТАН ПАТРИОТЫ» медалімен марапатталды. Құттықтаймыз! ЕЛ абыройы үшін және Арлы, Рухты, Ұлтжанды, Намысты азаматтарды тәрбиелеу жолында атқарып жүрген Еңбегіңіз еленіп, абырой-беделіңіз арта берсін. Марапатыңыз құтты болсын!