13.09.2020
Елімізде 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтіледі.
Қазақ қоғамындағы отбасы әрқашан рухани, мәдени дәстүрлердің сақтаушысы болып келді. Елбасымыз: «Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі», – деп көрсеткендей отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында тойланатын мерейлі мереке баршаңызға құтты болсын! Баянды отбасылық бақыт тілейміз!