АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТАРИХЫ

10.01.2017

Ж.Мусин атындағы педагогикалық

колледжінің тарихы

 

История педагогического колледжа

имени Ж.Мусина

 

 THE HISTORY OF ZH.MUSIN

PEDAGOGICAL COLLEGE

 

Ахат нұртас ахатұлы

 Колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты,

ҚР ПҒА корреспондент мүшесі, “Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)

Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі” МКҚК  

Ахат нуртас ахатулы

Директор колледжа, кандидат филологических наук,

Член-корреспондент АПН РК

“Педагогический колледж имени Ж. Мусина (с казахским языком обучения), г.Кокшетау”

AKHAT NURTAS AKHATULY

The principal of the

college, the candidate of philological science,

Corresponding member

APS of Kazakhstan

“Kokshetau city, Zh. Musin pedagogical

college (with Kazakh language of educating)”

 

1920 жылы Кеңес Одағында жергілікті ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздық жою жөнінде комиссиялар құрылған болатын. Олар халықтың сауатын ашу курстары мен мектептерді ұйымдастыру, педагог кадрларды даярлау, көмекші оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданды. Көкшетаулық зиялы қауым өкілдері аталмыш бастамадан тыс қалмай, Бұқпа тауының бөктерінде 1924 жылы алғаш рет педагогикалық курс ұйымдастырды. Көкшедегі алғашқы кәсіби білім ордасы жайлы мұрағат материалдарында мынадай деректер кездеседі: «В городе имеется педагогический техникум, есть пять отделений, из них которых 1 отделение полностью киргизское (казахское). Всего преподавателей 13, учащихся 151, из них киргизов (казахов) 27» (Ф – 76, хр. 573).

Аталмыш курс 1927 жылдан 1932 жылға дейін педагогика техникумы болып өзгертілсе, 1928 жылы педагогикалық техникум Ақмола қаласына көшіріледі. 1932 жылы Ақмоладан оқу орны қайтадан Көкшетауға ауыстырылды. Орыс топтары Шортан қаласына жіберіліп, Көкшетауда қазақ топтары қалады. 1932 жылдан бастап Көкшетау қазақ педагогика училищесі ретінде қайта құрылады. Орталық Партия Комитетінің Пленумы ұсынған Тың игеру идеясының іске асырылуына орай, Кеңес Одағының жүргізген кеңестік теріс саясатының әсерінен 1955 жылы қазақ елінің білімі мен мәдениетіне зор үлес қосып келе жатқан училище жабылып, оқытушылар мен оқушылар ұжымы таратылып жіберіледі.

ХХ ғасырдың басында халыққа білім сәулесін шашып, қараңғы түнде ай сәулесіндей болған оқу орнының қиындығы мен ауыртпалығын көтеріп, басшылық жасаған алғашқы директоры Благонравов деген азамат болған, 1935-1937 жылдар аралығында бұл қызметті К.Есембаев атқарған. Ұлттық кадрларды жүйелі түрде ылғи да саяси қудалауға алып, әсіресе, 1937-1938 жылдардағы оның ең белсенді және кемел бөлігін репрессиялау саясаты жүргізілген жылдары оқу орнының басшысы К.Есембаев, оқытушы Телпекбаев халық жауы деп ұсталады, 1938-1939 жылдары училище директоры болып Акчурин Ескендір Мұсаұлы тағайындалады. 1940-1941 жылдарда директор Елеусізов Сейітжан, 1941 жылы Нұғыманов деген азамат тағайындалады, бірақ 1942 жылы халық басына қара бұлт үйіріліп, соғыс өрті шарпыған жылдар өзінің азаматтық парызын өтеу үшін майдан

шебіне аттанады. Соғыс жылдары Жантөрин, Оспанов Нұрғали деген азаматтар оқу орнына басшылық жасай отырып, оқу ордасының дамуына өзіндік үлестерін қосады.

Елде бейбіт заман орнаған 1947 жылдан бастап Көкебаев Қайрош Көкебайұлы басшылық қызметін атқарған.

Кеңес Одағы бойынша 1930 жылы жаппай міндетті бастауыш білім беру реформасы жүргізілді. Солтүстік өңірде аталмыш реформаның өміршең болып, халықтың сауаттылығының артуына, Көкшетау қазақ педагогика училищесі түлектерінің жасаған еңбектері орасан. Солардың ішінде ел тағдырына етене араласып, ұлт болашағы үшін еңбек еткен азаматтар деп: Баян Жанғалов, Жанайдар Мусин, Әбділдә Дүйсенов, Бота Құсайынов, Мәди Хасенов, Тоқтар Көбенов, Қайролла Балтағарин, Бегайдар Зейнуллин, Жағыпар Мусин, Ескен Батыров, Мәриям Шайхисламова сияқты училище түлектерін атауға болады.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасы – қазақ тарихында бұдан бұрын орын алған тамырлы, өзара сабақтас оқиғалардың логикалық жалғасы, кезекті табиғи көрінісі. Анығырақ айтқанда, ол – қазақ халқының империялық, отарлық езгіге қарсы азаттық үшін күресінің, тәуелсіздікке деген тынымсыз ұмтылысының табиғи жалғасы еді. 1986 жылғы қозғалыс жаңа, ұлы бастама еді. Ол ұлттың жаңаша ойлауына, жаңа көзқарастардың өмірге келуіне түркі болды. Осы ұлы бастама қазақ халқының ұлттық сана-сезімдерінің, рухани құндылықтарының оянуына әкеліп соқты. 1986-1989 жылдары қазақ халқының арасында өзінің жылдар бойы жоғалтқан ана тіліне, діліне деген серпіліс, жаңа көзқарас пайда бола бастады. Ата-аналар арасында өз бөбектерінің ана тілінде сөйлеуіне деген қызығушылықтарының пайда болуына түрткі болды. Осыған орай жеткіншек буында ана тілінде білім беретін кәсіби білікті педагог мамандарға деген сұраныс арта түсті.

1955 жылы жабылып қалған педагогикалық училищені қайта ашу жөніндегі игі бастаманы елдің зиялы қауымы, ұлт жанашырлары ақын Е.Мырзахметов, Қазақстан Республикасы Ақындар Одағының сол кездегі президенті К.Шәкеев, ақын, жазушы Т.Қажыбаев, облыстық «Көкшетау» газетінің редакторы, жазушы Ж.Мусин, дербес «Оқжетпес» газетінің редакторы Н.Ысқақов, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы О.Ахметов көтеріп, Үкімет және Жоғарғы Кеңес депутаттарынан қолдау тапты. Көкшетау облыстық кеңесінің 1990 жылдың 5 маусымындағы № 1212 қаулысына сәйкес Қазақ КСР халыққа білім беру министрлігінің 1990 жылғы 15 маусымдағы № 341 бұйрығымен Көкшетау қазақ педагогика училищесі болып қайта ашылды. Оқу орны алғаш рет бухгалтерлер даярлайтын мектеп ғимаратының 4-қабатында орналасады. Оқу орны 1995 жылдан

бастап колледждік білім жүйесіне көшті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының білім және мәдениет мекемелеріне есімдер беру» туралы қаулысына сәйкес 1996 жылы 12 шілдеде осы оқу орнының ашылуына тікелей атсалысқан белгілі қоғам қайраткері, жазушы Жанайдар Баймырзаұлы Мусиннің есімі берілді.

Колледж 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорын ретінде Ақмола облыстық білім басқармасына қарайды. Колледжде бүгінде барлығы 80 оқытушы қызмет етеді, оның ішінде 53 оқытушы жоғары және І санатты, 3 филология ғылымдарының кандидаты, 6 магистр білім береді.

Колледждің алғашқы директоры қызметін, Көкшетау облыстық партия комитетінде лауазымды қызметтер атқарған іскер басшы, білікті маман, ұлтжанды азамат Мұрат Ідірісұлы Ідірісов атқарды (1991-1993жж.).

Училище директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін Щучье педучилищесінде бес жыл тәжірибе жинақтаған білікті маман Ө.Ш. Төлегенов атқарды (1991-1992 ж.ж.).

1992 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып Гүлнәр Зарқымбекқызы Исабекова тағайындалды. 1993 жылы Нұртас Ахатұлы атқарады.

1993 жылы училище директоры М.І. Ідірісовтың мәдениет басқармасының бастығы қызметіне ауысуына байланысты училище директоры болып Н.Ахат тағайындалды.

1993-2007 жылдар аралығында оқу бөлімін Жүнісова Ақжібек Қабдешқызы басқарды. 2005-2009 жылдарда Т.Б. Сәбитова, 2010 жылы К.Т. Қалиева, бүгінде Т.Б. Сәбитова басқарып келеді.

Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарғандар: 1990-1992 жылдарда Н.А. Ахат, 1992-1993 жылдарда Ө.Ш.

Төлегенов, 1993-1997 жылдары А.Н. Нұрмағанбетова, 1997-1998 жылдары Ғ.Е. Омар, 1998-1999 жылы Қ.Шаймерденова, 1999-2000 жылдары Ж.Кәрімов, 2000-2009 жылдар аралығында Ә.К. Сембаева, 2009-2014 жылдары Б.Т. Тәткенов, 2014 жылы А.С.Әйтен, 2014-2015 жылдары А.Ғ. Рахым, 2015 жылдан бастап Е.Дәдібасқызы.

Практика меңгерушілері: 1990-1991 жылдары Д.Қ. Әубәкірова, 1991-2008 жылдары А.Б. Жанәділ, 2008-2010 А.Қ. Бабаева, 2010 жылдан Ә.К. Сембаева.

Шәкірттің білімі мен тәрбиесі – ортақ ұғым. Ал енді «осы ұғымды астастырып, үнемі үйлестіріп отыруға кез келген педагогикалық ұжым қол жеткізіп отыр ма?» деген сауалға көз жұмып, бір деңгейде жауап беру оңай емес.

Бұл нәтижеге егемен еліміздің өркениетті бағытын дамыту жолында өзінше ізденіп, уақыт талабына сай жұмыс атқарып отырған ұжым ғана жете алары анық.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған колледж ұжымының тынымсыз қажырлы еңбегінің арқасында колледжіміз білім әлемінің биік белесінен көрініп, болашақ кәсіби құзыретті мамандар даярлауда өңірдегі оқу орындарының алдыңғы санынан көрінуде.

 

Резюме

В данной статье даны сведения об истории педагогического колледжа имени Ж.Мусина.

Summary

This article gives an information about history of Zh. Musin pedagogical college.

Просмотров: 1714


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст