Ағылшын бөлімінің ұйымдастыруымен қаңтар айының 16-21 аралығында «Knowledge is a treasure» атты шетел тілі пәнінің апталығы өтіп жатыр. 19.01.2017 колледжіміздің салтанат залында барлық бөлімдердің 1-3 курс студенттері арасында «Karaoke-battle» - «The winner Takes It all» тақырыбында караоке-сайысы өтті. Сайысымызға әр бөлімнің бетке ұстар студенттері қатысып, өзара бақ сынасты. Сонымен қатар, қатысушыларға сәттілік тілеп, оларға қолдау көрсету үшін колледжіміздің түлектері де көрермендер қатарынан табылды. Атап айтар болсақ: Ғани Әйгерім және Ильясова Ақбота ән салып, кешіміздің сәнін келтірді. Қатысушыларымызға әділ төрелік еткен әділқазы алқасының мүшелері: музыка бөлімінің бөлім меңгерушісі – Әлия Заманбекқызы, ағылшын бөлімінің оқытушысы – Айжан Қадырбайқызы және музыка бөлімінің оқытушылары – Салтанат Таубайқызы мен Бұхарбекұлы Мұратбек сайыс соңында әділ қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жүлделі орындармен марапаттады. А-32 тобының студенті – Абилева Индира III орынды, МД-22 тобының студенті – Ғабидолла Ақкенже II орынды, А-11 тобының студенті – Аким Ақнұр Бас жүлдені иеленді. Сайыстың жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтай отырып, үлкен жетістіктерге жетулерін тілейміз!