АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Студенке орталықтандырылған білім берудегі инклюзивті оқыту

23.01.2017

2017жылдың 19-20 қаңтарында Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқыту ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың өзін-өзі кәсіби анықтауын қамтамасыз ету факторы ретінде» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған семинарға педагогика пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бақытгүл Ерғалиқызы Батанасова «Студентке орталықтандырылған білім берудегі инклюзивті оқыту» тақырыбында баяндама дайындап, қорғады.

СТУДЕНКЕ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ

 

1 бөлім Инклюзивті оқытудағы тәжірибелер мен перспективалар

Қазақстанда қазіргі кезеңдегі  қоғамдық, әлеуметтік, өзгерістерге сәйкес педагогиканың теориясы мен әдістемесінің мақсаты, мазмұны мәнді өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Білім саясатындағы қажеттіліктен туындаған жаңа бағыттардың бірі – инклюзивті оқыту. Оның негізгі миссиясы – ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға жайлы оқу ортасын құру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді. Аталған жүйені жүзеге асыру педагог қауымынан сауатты жауапкершілікті талап етеді. Біздің оқу орнымызда студентке орталықтандырылған білім беру мақсатындаинклюзивті оқыту саясаты белгілі кезеңдер арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтсам, бірінші кезеңде (2013-2014 оқу жылдары)инклюзивті оқыту бойынша зерттеу жобалары ұйымдастырылды. Аталған бағыт бойынша оқытушылар, студенттер тарапынан ізденіс, қызығушылық туындады. Екінші кезеңде (2014-2015) инклюзивті оқыту бойынша педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі кафедрасының оқытушылары қала, облыс деңгейінде ұйымдастырылған семинарларға жүйелі қатысып отырды. Нәтижесінде, аталған бағыттың мазмұны бүгінгі білім беру жүйесіне қажет екендігіне мәнді түсінік қалыптасты. Осы бағыттың мазмұнын тұжырымдау мақсатында келесі кезеңде облыстық ресурстық инклюзивтікоқыту орталығы және педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Инклюзивті оқытуды енгізу барысындағы оқу үрдісін ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Келесі кезеңде, 2016-2017 оқу жылынан бастап оқу орнымызда 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы негізінде«Инклюзивті білім беру» элективті курсы енгізілді.Мақсаты:Ерекше қажеттілігі бар балаларды оқытудағы жаңа әдістемелік мүмкіндіктердің тиімді жолдарын анықтау және қолдану. Міндеттері:

-  Болашақ мұғалімдердің ерекше қажеттілігі бар балалардың мектепте білім алуын қадағалауы арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамыту;

-    Студенттерге ақпараттық-қатынастық технологиялар арқылы әдістемелік көмек көрсету.

Элективті курстан күтілетін нәтиже:

1. Инклюзивті білім беру педагогикадағы жаңа бағыт екендігін түсінеді.

2. Ерекше оқытуды қажет ететін білім алушыларға  арналған әдістерді үйренеді және тәжірибеде қолдану қабілеттері жетілдіріледі.

 

2 бөлім Қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру

Кәсіби біліктілікті жетілдірудің әртүрлі аспектілерімен сәйкестендіре отырып А.К.Маркова кәсіби құзіреттіліктің төрт түрін көрсетеді: арнайы, әлеуметтік, тұлғалық және жеке.

1. Арнайы кәсіби құзіреттілік әрекетті кәсіби жоғары деңгейде меңгеруді сипаттайды. Ол тек арнайы білім ғана емес, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдана алуды білдіреді.

2. Әлеуметтік кәсіби құзіреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерімен кәсіби өзара әрекеттестікті қолдану жолдарын меңгеруді сипаттайды.

3. Тұлғалық кәсіби құзіреттілік өзін-өзі дамыту мен өз ойын білдіру әдістерін меңгеруді сипаттайды. Бұған маманның өздігінен кәсіби әрекетін жоспарлауы, өздігінен шешімдер қабылдауы, проблеманы көре алу қабілеті де тұжырымдалады.

4. Жеке кәсіби құзіреттілік өзін-өзі реттеу, кәсіби өсуге дайындық, тұрақты кәсіби уәждемесінің тәсілдерін меңгеруді сипаттайды. Студентке орталықтандырылған білім берудекәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметі бойынша жаңа білім алужолдарын іздестіреді. Мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты кәсіби білім беретін білім орындары оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, білім беруге байланысты жаңа технологияларды оқу процесіне енгізуде. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту.

Қашықтықтан оқыту - оқытушы мен білім алушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарын қолданумен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. ҚО ұйымдастырудың 3 түрі бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы. Осы технология бойынша оқытуды ұйымдастырып, білім алушыларға оқытушы оқытатын пәнді меңгеруге көмектесетін  тұлғаны тьютор деп атаймыз.        

Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі Алматы қаласындағы «NetLightLab»ЖШС-мен тығыз байланыс орнатып қашықтықтан білім алу үшін  арнайы kazped.kz. сайты іске қосылды. Аталған сайтпен жұмыс істеу мүмкіндіктерін игеру мақсатында жауапты тұлғалар «Қашықтықтан оқыту технологиясын оқу процесінде ұйымдастыру» тақырыбы бойынша біліктілік курстарынан өтіп сертификаттарға ие болды. 2015 жылдан бері сырттай оқу бөлімі қашықтықтан білім беру технологиясыбойынша білім алушылармен нәтижелі жұмыс жүргізуде.Бөлімде қашықтықтан білім алатын студенттер үшін кіріспе оқыту сабағы, ал пән оқытушылармен оқыту семинары өткізілді. Оқытушылар мен студенттерге арналған қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім сайтын пайдаланудың  жолдары көрсетілгенанықтамалық-көрсеткіш әдістемелік көмекші құралын сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі Ілияс Данагүл Нұртайқызы әзірледі. Аталған анықтамалық-көрсеткіш әдістемелік көмекші құралы колледж баспаханасынан шығарылып оқытушылар мен студенттерге ұсынылды.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары негізінде Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің сырттай оқыту бөліміне қашықтықтан білім беру технологиясын енгізу ережесі жасалып бекітілді.Қашықтықтан білім беру технологиясын Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледждің сырттай оқыту бөліміне енгізу мақсаты Сырттай оқыту бөлімі  студенттерінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен типтік оқу бағдарламаларына сәйкес жоғары деңгейлі білімге қол жеткізуі,  өндірістен қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқуы, Ж.Мусин педагогикалық колледжі түлектерінің еңбек нарығында бәсекелестіктерін арттыру болып табылады. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен   іс жүргізу  ісін орындау шарт. Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

·        Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

·        Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі  қажет.

·        Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

·    Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет. Қорытындылай келе, студентке орталықтандырылған білім берудеөз шәкірттеріне сапалы білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін жүйелі қолдануы шарт. Нәтижесінде, ерекше білімді, қолдауды қажет ететін тұлғаларға білім берудің ұлттық моделі негізінде жұмыс жүргізудің әдістемесі жасалады деп тұжырымдаймын.

Просмотров: 657


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст