АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Сырлы сөзбен сыр шерткен ...

02.02.2017

Адам баласының мүмкіндігі шексіз ғой. Тіршілік атаулыдан пенде шіркіннің осы бір артықшылығы – бар жаратылыстан даралап тұратындай. Адамның қарым-қабілетінің шексіздігі сол, бойына бірнеше қасиеттерді сіңіріп, сан қырлы таланты мен дарынымен өмірлік мақсаттары мен мұратына жете алады. Әрине, адам атаулының барлығы Құдайдың берген бұл сыйын дер кезінде бағалай алмайды. Ал бағалай алғандардың ғұмыры ғибратқа толы болып, ұлт мақтанышына айналады. Ондай адамдар өзгеге үлгі болып, есімі ел есінде сақталып, өзі өлсе де өнегесі өлмейді.
Бүгін сондай сырлы сөзбен сыр шерткен, өнегесі өлмеген өнер иесінің бірі де бірегейі – Сәкен сері Жүнісовтің туған күні. Көкше өңірінде жазушының шығармашылық мұрасын, адами әрі тарлан таланттық қасиетін насихаттау үшін колледжімізде 2009 жылы Сәкен сері Жүнісовке арналған «Сәкен Жүнісов атындағы әдеби-танымдық зертхана» ашылды. Зертхана заманауи техникалық құралдармен толық жабдықталған. Білім алушылар сапалы білім алу үшін дәрісхананы тиімді пайдаланады.
Сонымен қатар, колледж әкімшілігінің бастамасымен «Сәкен Жүнісов атындағы әдеби-танымдық бірлестік» атты элективті курс жұмыс істей бастады. Элективті курс мақсаты – өскелең ұрпаққа көркем сөз өнерінің өресі биік өкілі Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығын оқыту, насихаттау арқылы студенттердің әдебиетке деген сүйіспеншілігі мен құрметін ояту. Курс мүшелері ғылыми-ізденушілік бағытта әдебиеттің даму тенденцияларына байланысты Сәкен Жүнісовтің қысқа көлемді прозалық шығармаларына талдау жасайды. Ал шығармашылық бағытта эссе (ойтолғау) жазу, шағын монологтық және драмалық қойылымдар (жазу, сахналау) бойынша жұмыс істейді. 
Ал, Сәкен Жүнісовке қаламыздан көше атауын беру туралы бастама да әуел баста Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледждің ұсынысы болатын. Біршама уақыт өтсе де, «Ел бақыты – ұлтының амандығы. Ұлт бақыты – тілі мен жерінің амандығы. Ұлты азса – елдің бақытсыздығы. Тілі мен жері азса – ұлтының бақытсыздығы. Бақытқа жету – мақсатқа жету. Мақсатқа жету – арманға жету» деп жазған Сәкен Жүнісовке көше атауы берілді. Бұл да көңіл қуантарлық жайт.
Осы орайда көкшеліктерді, барлық қазақстандықтарды ұлтына ұлы сүйіспеншілікпен қараған жанның туған күнін естен шығармай, шығармаларын насихаттауға шақырамыз.

Просмотров: 523


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст