17 ақпан күні Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі музыка және информатика бөлімінің оқытушылары Тасмұқамбетов Серік Жамбылұлы, Қамалиден Айгерім Сағындыққызы, Сейтенова Айдана Серікқызы мен биология пәнінің оқытушысы Сапабекова Диана Оралқызы Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№1 Красный Яр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіптік бағдар бойынша ата-аналар жиналысында сөз сөйлеп, колледжде оқытылатын барлық мамандықтармен таныстыра отырып, біздің білім ордамыздың артықшылығы мен бүгінгі күнде жетіп отырған биік белестеріне тоқталып өтті. Барлық айтылған ақпаратқа қоса колледждің кешегі және бүгінгі өмірінен сыр шерту мақсатында бейнебаян көрсетілді, слайд-шоу жүргізілді. Ата-аналар тарапынан біздің оқытушыларға сұрақтар қойылып, жауаптар тыңдалды.