Текст
Көкшетау қаласы, "Достар" мәдениет сарайында "Көкшетау дауысы 2017" қалалық конкурсы өтті. Конкурстың басты мақсаты – болашақ жастар бойында мәдениетке деген тәрбие мен қызығушылықты дамыту. Бұл конкурсқа Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі музыка бөлімінің студенттері қатысып, Ағайдар Ұлболсын І орын, Аким Ақнұр ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар музыка бөлімінің І курс студенттері Ибраев Рахымжан, Раева Мадина дипломдармен марапатталды.