АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бүгінгі жастар кітап оқи ма?

03.03.2017

«Бүгінгі жастар кітап оқымайды...» Ара-тұра болса да әр жерде естіліп жататын осы сөзде қаншалықты шындық бар? Бұл сұрақ «Кітап – білім бұлағы» деген мақалды санасына сіңіріп өскен аға ұрпақты да мазалайтыны рас. Кеңес дәуірінде  жаңа кітапты әңгіме өзегіне айналдырып,сол кітапты іздеп жүріп оқығанбыз. Адам ойына ой қосып,рухани әлемін кеңейтер кітап әлемінің тағдырына бүгінде бүкіл дүние жүзі алаңдаулы. Компьютер мен интернеттің құлағында ойнаған Америкада кітапқа деген көзқарас, кітапхана қызметін пайдалану бұрынғысынан еш өзгермепті. Кезінде кітапты көп оқитын ел сияқты едік,бүгінде» сынықтан өзгенің бәрі жұғатын»ұлтымыз анаған бір еліктеймін, көшке ілесемін,жаһандануға жаныммен кірігемін деп жүріп,кітап арқылы ғана даритын халықтың тіл байлығын,кітаптағы сан алуан сырлы бейнелерден алар тебірену,сүйіну,түсіну сезімдерінен ада болып жатқандай.

Жетпісінші-сексенінші жылдары қазақ жастары Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат»,  «Ботагөз»жерлесіміз Е.Мырзахметовтың «Медет»,Арайлым»,романдарын сүйіп оқыса,қазіргі жас буынның санасын компьютер деген «әзәзіл»улауда. Егер олар сондай жаңашыл болса, заманауи кітаптарды неге оқымасқа? Қазір елімізде қазақ әдебиеті көштен кейін қалып келе жатқан жоқ. Ақын, жазушылардың орамды ойлары,өткір идеялары көңіл қуантады. Т.Шапайдың «Күлкі және көз жасы», Б.Әлімжановтың көп томдық кітаптары, өз колледжіміздің директоры Н.Ахаттың "Қос арна", "Қазақтың Ары" атты туындылары аға буыннан кем түспесі анық.

Бүгінгі баланың есіл-дерті компьютерге,ұялы телефонның ішіндегі неше түрлі қызықтарға ауып кетті ме деген күдіктің жаны бар сияқты. Жапон ғалымдарының зерттеу тұжырымына жүгінсек,компьютерден алынған ақпараттар тез ұмытылады да,кітаптан алынған білім бала санасында өмір бойы қалады екен.

Біздің кітапханаға жастар сабаққа дайындалу үшін ғана келеді.Ақпарат ағымының күштілігі,заман жылдамдығы баланың кітапты қолына ұстап,пәлен күн оқып, ойланып отыруына мұрша бермейді. Жалпы, жаппай сауатсыздыққа қарай бет алып бара жатқан жоқпыз ба?

Просмотров: 615


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст