Текст
Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Ж.Мусин атынағы педагогикалық колледжі І курс студенттері арасында "Ата салтым - асыл қазынам" тақырыбында салт-дәстүрлер байқауы өтті. Байқауда көнерген Бақан аттар, Бесік кертпе, Жілік салып шақыру, Нәзір, Немеурін, Үме, Тіл кестіру, Ақшомшы, Шөмішқағу сияқты тағы да басқа дәстүрлерді насихаттайтын сахналық көріністер қойылды, қатысушыларға арнайы сұрақтар қойылып, тапсырмалар берілді. Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, музыка бөлімінің І курс студенттері топ жарып шықты. Құттықтаймыз!!!