АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2017 жылғы 6 сәуірде Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің арасында қазақ тілі, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы пәндерінен облыстық олимпиада өткізілді. Олимпиада қазақ тілі мәртебесін насихаттау, білім алушылардың ағылшын тіліне танымдық қызығушылықтарын арттыру және Қазақстан Республикасының тарихи құндылықтарының негізінде білім алушыларды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мақсаттарында ұйымдастырылды. Ағылшын тілі пәнінен олимпиада «Аударма ісі», «Шетел тілі» мамандықтары бойынша 2,3 курс студенттерінің арасында өткізілді. Сайыс 2 кезеңнен тұрды: 1-кезең: эссе жазу; 2-кезең: сөйлеу шеберлігін көрсету. Колледжімізден олимпиадаға ағылшын тілі пәнінен А-31 тобының студенттері Талапкерова Аружан және Көпей Айдана қатысты. Студенттеріміз ағылшын тілі бойынша жоғары деңгейдегі білімдерін танытып, қазылар алқасы құрамының тарапынан мақтауға ие болды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Талапкерова Аружан 2- рынды, Көпей Айдана 3-орынды иеленді. Олимпиада жүлдегерлері медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз және білім алу саласында үлкен жетістіктерге жетуін тілейміз!