21.04.2017
20 сәуір күні Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі лингафондық кабинетінде информатика бөлімінің ұйымдастыруымен оқу-әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты: колледждегі №107, №211, №302 кабинеттерінің мүмкіндіктерін оқытушылар арасында насихаттай отырып, оқу процесінде жаңартылған программалық жабдықтамаларды қолдануды үйрету болды. Семинардың І бөлімінде информатика пәнінің оқытушысы А.Бекенова "Лингофондық кабинеттің мүмкіндіктері" тақырыбында баяндама жасап, практика жүзінде қолдануды қазақ тілі пәні арқылы көрсетті. А.Қамалиден Free Quize Maker бағдарламасында автоматтандырылған тест жасаудың технологиясын көрсетіп, әдістемелік көмек ретінде оқытушыларға нұсқаулық таратты. А.Сейтенова Prezi, Youblisher бағдарламаларында электронды оқулық жасау түрлерін демонстрациялады. Семинардың ІІ бөлімінде қатысушылар 107 конференц-залына өтіп, 107 аудиториямен 302 аудитория арасында байланыс жасап, И-11 тобымен QBasic программалау пәнінен сабақ үлгісін көрсетті.