АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Сәкен Жүнісов атындағы әдеби-танымдық бірлестігі колледж студенттері арасында «Азаттық таңын аңсаған Алаш» атты монолог оқу байқауын ұйымдастырды. Байқау Алаш автономиясы, Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тарих апталығының аясында өткізілді. Шараға филология, ағылшын, бастауыш мектеп бөлімінің студенттері арасынан ФБ-11 тобының студенті Рамазанов Диаз, Едіге Ермахан, Тихонов Егор, ФБ-12 тобының студенті Казенов Расул, Меңілбай Ерболат, А-12 тобының студенті Бақыт Мырзабек, БМ-11 тобының студенті Төлеген Мерей, ФБ-21 тобының студенті Кәрім Қазыбек қатысып, бағы мен бабын сынады. Тарихтың уақыт табынан сарғыш тартқан парақтарына көз жүгірткен мәнерлеп оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатұлының, Мұстафа Шоқайдың, Халел Досмұхамедұлының, Әлихан Бөкейханұлының жалынды сөздерін ортаға салды. Сайыс көрермендерді де, қатысушыларды да қазақ тарихының өткеніне үңілдіріп, батырдың, сатқынның, халқы үшін қам жегендердің, жеке басының қамын ойлағандардың, өз өмірін туған елі үшін қиғандардың, қасақана халқының қанын төккендердің кім екеніне бір сәт көз жеткізгендей болды. Көкейде жүрген бірқатар сауалдардың жауабы да осы сайыстан соң табылғандай...