АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Информатика бөлімінің «Информатика. Математика. Физика» атты апталығының жоспарына сай 25 сәуір күні «Информатика», «Ағылшын тілі», «Бастауыш мектеп» бөлімдері студенттерінің қатысуымен «Smart Student» атты зияткерлік ойын өткізілді. Мақсатымыз: «Smart Student» зияткерлік ойыны арқылы студенттердің танымдық белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, зияткерлік қабілеттерін байқау, логикалық ойлау жүйелерін қалыптастыру. Сондай-ақ осындай ойындар оқушыларды шапшаңдылыққа, жүйелілікке, жауапкершілікке, ізденімпаздылыққа тәрбиелейді. Білім сайысының әділ эксперт мүшелері: кітапхана меңгерушісі Хасенова Айгүл Сәткәрімқызы, математика пәнінің оқытушысы Ахметов Тилеугабыл Иманбайұлы, физика пәнінің оқытушысы Здуалиев Рауан Қайыргелдіұлы. «SmartStudent» зияткерлік ойыны 4 турдан тұрды. Қатысушылар екі топқа бөлінді. «Информатика» бөлімінің І курс студенттеріАкаев Мирас, Шаяхмет Айғаным, ІV курс студенттері Кеңеспай Аққу, Мендыбаева Айжанар, «Бастауыш мектеп» бөлімінің студенттері Серікжанова Әселхан, Маджитова Лаура, «Ағылшын тілі» бөлімінің студенттері Зикен Әлфараби, Мұқыжан Айгерім. Жоғарыда аталған студенттер «Хаккер» және «Билл- ейтс» тобына бөлінді. І тур – «Білім аукционы», ІІ тур – «Эрудиттер сайысы», ІІІ тур – «Таңдау- табыс», ІV – тур «Ширату». Ойын барысында информатика, физика, математика пәндерінен логикалық сұрақтар қойылды. Студентер бар білімдерін ортаға салды. Әділ-қазылардың шешімі бойынша «Хаккер» тобы 483 ұпаймен алға шықса, «Билл-Гейтс» тобы 481 ұпаймен ойынды тәмәмдады. Зияткерлік ойынға қатысқан студенттерге табыс тілеп, алғысымызды білдіреміз.