Текст
27.04.2017
Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінде сындарлы оқыту теориясы бойынша қауымдастық құрылды. Қауымдастықтың жоспары аясында 25 сәуір күні бастауыш мектеп бөлімінде «Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға «Бастауыш білім беру» мамандығының ІV курс студенттері, педагогика және психология кафедрасының оқытушылары, әдіскерлер қатысты. Семинарды математиканы оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы Ө.Төлеген, қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы Қ.Мұқышева ұйымдастырды. Семинардың мақсаты – бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру болды.