АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Бұл – біздің таңдау!» ашық есік күні

30.04.2017

28 сәуір күні Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің салтанат залында «Бұл – біздің таңдау!» атты ашық есік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Ашық есік күнінің мақсаты: қазіргі білім беру жүйесінде оқытудың заманауи, ақпараттық-технологиялық жүйесімен жұмыс жасай алатын, қоғамдық өзгерістерге бейімделе білетін, шығармашыл, креативті ойлай білетін, белсенді мамандар даярлауда колледждегі жеті біліктілік бойынша кәсіби бағыт-бағдар беру. Ашық есік күніне қала метептерінен 156 оқушы және мектеп мұғалімдері қатысты. Колледжде төменде аталған 7 біліктілік бойынша мамандар даярлайтындығын және 2017-2018 оқу жылынан бастап 2 мамандық:

«Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавры»

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қолданбалы бакалавры» бойынша талапкерлер қабылданатындығы туралы оқушыларға толық мәлімет берілді.

«Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»  

«Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі»

«Бастауыш білім беру мұғалімі»

«Музыкадан мектепке дейінгі және негізгі орта білім беретін ұйымдар мұғалімі»

«Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі»

«Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі»

«Негізгі мектептің информатика мұғалімі» біліктіліктері бойынша колледж студенттері  білім саласында көрсеткен жетістіктерімен таныстырды. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Мектеп оқушыларына колледждің оқу-материалдық базасы бойынша экскурсия жасалды. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері колледжде даярланатын мамандықтар туралы біраз мәліметтер алды.

Просмотров: 390


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст