Текст
2017 жылдың 2-6 мамырында Алматы қаласында ХІІ Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен әр түрлі жастағы 400-ге жуық қатысушылар қатысты. Ақмола облысы атынан Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі, музыка бөлімінің оқытушысы, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистранты, жас маман Тасмұқанбетов Серік Жамбылұлы қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Серікті жемісті жеңісімен құттықтай отырып, биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектеспіз.