Текст
24.05.2017
25 мамыр, сағат 16.00-де Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің салтанат залында "Алаш қозғалысының тарихи маңызы мен өміршеңдігі" тақырыбында республикаға танымал алаштанушы ғалымдар мен көкшелік зиялы қауым өкілдерінің пікірлесу алаңы өтеді. Алаш қозғалысының Тәуелсіздік үшін күрестегі рөлі мен маңызын, оның көшбасшыларының саяси-құқықтық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын, тұжырымдарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеу және өскелең ұрпаққа насихаттау Сіз үшін де маңызды болса, пікірлесу алаңының есігі айқара ашық. Кездесуге қонақ ретінде шақырылған ғалымдар жайлы ақпарат төменде көрсетілген.