АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
"Кәсіпқор" КЕАҚ-ның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп бекіткен жоспар бойынша 2017 жылдың 15-26 мамыр аралығында Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі базасында кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары оқытушыларына арналған «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыру" бойынша біліктілікті арттыру курсы қазақ және орыс тілдерінде қырық оқытушыдан тұратын екі топқа курс өткізілді (он оқытушы Жоғарғы колледж базасында). Курстың модераторлары Көкшетау қаласы, №1 Құрылыс-техникалық колледжі директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Садвокасова Анар Саябековна, арнайы пәндер оқытушысы Шаймуратова Ирина Владимировна және Көкшетау қаласы, Жоғарғы колледжі оқу ісінің меңгерушісі Негметова Салтанат Каниевна. Курс қорытындысы бойынша оқытушылар топтарға бөлініп, портфолио жасап қорғады. Курстың соңғы күні барлық қатысушылар сертификатармен марапатталды.