Текст
08.06.2017
6 маусым күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу орталығында өтетін «Айбын» республикалық жастар жиынына қатысатын колледждің «Айбын» әскери-патриоттық клубының дайындық жұмыстарының есебі жөнінде команда құрамымен және ата-аналарымен жиналыс өткізді. Жиналысты колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлы бастап, ата-аналарға алғыс білдіре отырырып, команда құрамы мен жетекшілеріне ақ жол тіледі. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Сағидолда Орынбек ата-аналарды команданың барлық осыған дейінгі атқарылған жұмыстарымен таныстырып, ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылды.