Текст
26.06.2017
22 мауысм күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің 4-курс студенттеріне дәстүрлі түрде диплом тапсыру рәсімі болды. Диплом тапсыру кеші «Көкшетау» мәдениет сарайында өткізілді. Түлектерді құттықтау үшін алғы сөз колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Сәбитова Тілек Батырханқызына берілді. Диплом тапсыру кешіне әлеуметтік серіктестіктер мен мемлекеттік емтихандардың төрағалары қатысты. Салтанатты кеште колледжіміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан, білім, ғылым, өнер мен спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізген белсенді студенттер Құрмет грамоталарымен, ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды.