АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
EXPO 2017 көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында Қазақстанда тұңғыш рет Австриялық композитор Густав Малердің 8 симфониясы орындалды. Мәдениет және спорт министрлігінің ойластыруымен өткізілген бұл жобаға еліміздің әр түкпірінен кәсіби мәдени ошақтарының хор ұжымдары топтастырылып,жалпы жиыны 1200 адам катыстырылды. Бұл рекордтық жобада сонымен катар Италия мемлекетінен келген «Карло Феличе» театрының хор ұжымы да өнер көрсетті. «Астана Опера» театрының бас дирижері,ҚР еңбек сіңірген әртісі Алан Бөрібаев дирижерлік еткен бұл жобаға біздің Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің хор ұжымы да шақыртылды. Хормейстер Сара Оразова,оқытушы Серік Тасмукамбетовтың жетекшілігімен барған колледжіміздің студенттері екі апта бойы аталған өнер ұжымдарымен бірлесе отырып опера қойылымына дайындық жүргізіп,аталмыш операда өз өнерлерін көрсетті. «Астана Опера»театры сахнасының төрінде әлемдік деңгейдегі әртістермен иық тіресе өнер көрсетіп келген студенттеріміздің алған әсерлері мен жинақтаған тәжірибелері олардың алдағы уақытта кәсіби маман ретінде калыптасуларына мол әсерін тигізері сөзсіз екендігіне сеніміміз мол.